«Ақ жасмин және райхан» ЖУЫНАТЫН БӨЛМЕГЕ АРНАЛҒАН ӘМБЕБАП ТАЗАРТҚЫШ
«Ақ жасмин және райхан» (ASTONISH BATHROOM CLEANER White Jasmine & Basil) жуынатын бөлмеге арналған әмбебап тазартқыш құралы кереметтей тазартқыш қасиетке ие, ол тек ваннаны ғана жуып қоймай, жуынатын бөлме ішін толықтай тазалуға көмектеседі. Су дақтары мен сабын қақтарын тамаша кетіреді.
Қолдану тәсілі: Өнімді жағып, 2 минутқа қалдырыңыз, содан кейін таза, дымқыл сорғышпен немесе шүберекпен сүртіңіз. Қажет болса, таза сумен шайыңыз. Қақты кетіру қиын болған жағдайда процедураны қайталаңыз.
Құрамы: 96% су, <5% иондық емес беттік белсенді заттар, хош иістер, консерванттар (метилхлороизотиазолинон және метилизотиазолинонның реакциялық массасы). Сақтық шаралары: Мәрмәр, әктас немесе травертин сияқты қышқылдардың әсеріне сезімтал беттерде қолдануға болмайды. Жарылған немесе зақымдалған эмаль беттерге қолданбаңыз. Тазартқыштың беттер үстінде кебуіне жол бермеңіз.
ЕСКЕРТУ: көздің қатты тітіркенуін тудырады. Метилхлороизотиазолинон және метилизотиазолинон реакциялық массасы аллергиялық реакция тудыруы мүмкін.
БАЛАЛАРДЫҢ ҚОЛЫ ЖЕТПЕЙТІН ЖЕРДЕ САҚТАҢЫЗ. Қолданар алдында осы жапсырманы мұқият оқып шығыңыз. Дәрігердің кеңесі қажет болған жағдайда, өзіңізбен бірге өнім құйылған ыдысты немесе өнімнің жапсырмасын алыңыз. Көзді қорғау құралдарын қолданыңыз. Өнімді қолданғаннан кейін қолыңызды мұқият жуыңыз.
КӨЗГЕ ТҮСКЕН ЖАҒДАЙДА: бірнеше минут бойы сумен абайлап шайыңыз. Егер сіз контактілі линзаларды киіп жүрсеңіз, қиындық тудырмайтын болса, оларды алыңыз. Шаюды жалғастырыңыз. Егер көздің тітіркенуі сақталса, медициналық көмекке жүгініңіз. Дайындалған күні мен жарамдылық мерзімі қаптамада көрсетілген.