product

ИІС БЕЙТАРАПТАНДЫРҒЫШЫ БАР КІЛЕМДЕР МЕН ТӨСЕНІШТЕРДІ ТАЗАЛАҒЫШ

Артикул: 6720
Қораптағы мөлшер: 12 шт.
Көлемі: 750 мл.

Кілемдер мен төсеніштерге арналған құрамында иіс бейтараптандырғышы бар, сұйық тазартқыш құрал-спрей (Astonish Specialist Carpet Care & Upholstery Cleaner) беттерді тазарту бойынша жүргізілетін арнайы жұмыстар үшін дайындалған. Өнім жағымсыз иістерді бейтараптандырумен қатар терең дақтарды жібіту және кетіру арқылы жабындарды тазартуды қамтамасыз етеді. Жуылуы қиын кездейсоқ төгілген өнімдерді өңдеуге өте ыңғайлы. Жүн және синтетикалық маталарды тазарту үшін қолдануға болады. Тұрмыстық және шаруашылық қолдануға жарамды.

Қолдану тәсілі: өнімді қолданар алдында артық ластануды щеткемен немесе шаңсорғышпен тазартыңыз. Өнімді өңделетін бетке абайлап жағыңыз және сорғышпен немесе шүберекпен сүртіңіз. Біраз уақыт күте тұрыңыз. Таза шүберекпен немесе сорғышпен құрғатып сүртіңіз. Кепкеннен кейін бетті шаңсорғышпен тазарлаңыз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: қолданар алдында бояуды кетірмейтіндігіне кішігірім, байқалмайтын жерде тексеріңіз. Өңделетін бетті тым қатты сүртпеңіз, себебі бұл матаның қадаларын зақымдауы мүмкін. Күдері немесе былғары қаптамаларға қолдануға болмайды.

Құрамы: 97,7% су; 0,55% натрий лаурилсульфаты; 0,5% феноксиэтанол; 0,38% альфа олефин натрий сульфонаты; 0,38% акрил қышқылының сызықтық полимерлері; 0,2% GLDA; 0,07% мырыш рицинолеаты; 0,05% лимон қышқылы; 0,03% амин оксиді; 0,02% C13-C15 этоксилденген спирттер; хош иіс; бояу.

БАЛАЛАРДЫҢ ҚОЛЫ ЖЕТПЕЙТІН ЖЕРДЕ САҚТАҢЫЗ. Қолданар алдында міндетті түрде нұсқаулықты оқып шығыңыз. Дәрігердің кеңесі қажет болған жағдайда, өзіңізбен бірге өнім құйылған ыдысты немесе өнімнің жапсырмасын алыңыз. Спрейдің тыныс алу мүшелеріне енуін болдырмаңыз. Дайындалған күні мен жарамдылық мерзімі қаптамада көрсетілген.

Ұқсас өнімдер