ПІСІРУ ПАНЕЛЬДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ASTONISH ЛИМОНЫНЫҢ ХОШ ИІСІ БАР ТАЗАРТҚЫШ-КРЕМ
Пісіру панельдеріне арналған Astonish (Astonish Specialist HOB POWER CREAM) лимонының хош иісі бар тазартқыш-кремі күйген сұйықтық пен тамақтың қатқан қалдықтарын кетіру үшін қолданылады. Крем беттерді жылтырағанша тазартады және оған сұйықтықтың қайта төгілуі кезінде қорғанысты қамтамасыз етеді және беттердің гигиеналық тазалығын сақтауға мүмкіндік береді. Керамикалық және шыны беттерде, индукциялық плиталарда және микротолқынды пештерде қолдануға өте ыңғайлы. Микробтар мен бактериялардың 99,9% жояды* *EN1276: 2019 сәйкестігіне тексерілді.
Қолдану тәсілі: Қолданар алдында жақсылап шайқаңыз. Таза, дымқыл шүберекпен немесе сорғышпен жағыңыз. Тазартқыш құралды жабдық бетіне жағып, 5 минутқа қалдырыңыз. Айналмалы қозғалыстар жасаумен мұқият сүртіңіз. Шүберекті немесе сорғышты мезгілмезгіл жылы сумен шайыңыз. Қатты ластанған беттер үшін сипатталған процедураны қайталаңыз.
Құрамы: 74% су, коллоидты кремний диоксиді 20%, полидиметилсилоксан, лимон қышқылы. Сақтық шаралары: Тазартқыш құралды салқындатылған беттерге жағыңыз. Өнім жұмсақ абразив болып табылады, сондықтан тегістелген беттерді сақтықпен тазалау керек. Қолданар алдында алдымен өнімді беттің байқалмайтын жерінде сынау қажет. Алтын, күміс, қалайы, күйікке қарсы жабындар, лакталған беттер немесе жылтыратылған пластикалық беттерді тазалау үшін қолдануға болмайды. Плита трафареттеріне немесе жабыстырылған бейнелеріне пайдаланбаңыз.
БАЛАЛАРДЫҢ ҚОЛЫ ЖЕТПЕЙТІН ЖЕРДЕ САҚТАҢЫЗ. Қолданар алдында міндетті түрде нұсқаулықты оқып шығыңыз. Дәрігердің кеңесі қажет болған жағдайда, өзіңізбен бірге өнім құйылған ыдысты немесе өнімнің жапсырмасын алыңыз.