product

ТОТ БАСПАЙТЫН БОЛАТТАН ЖАСАЛҒАН ЗАТТАРҒА: ТОҢАЗЫТҚЫШТАР, АС ҮЙ СОРҒЫШТАРЫ ЖӘНЕ РАКОВИНАЛАР ҮШІН ҚОЛДАНУҒА АРНАЛҒАН ТАЗАРТҚЫШ СПРЕЙ

Артикул: 6920
Қораптағы мөлшер: 12 шт.
Көлемі: 750 мл.

Тазартқыш құрал - спрей тот баспайтын болаттан, жылтыратылған және күліңгір беттерден жасалған бұйымдарды тазартуға арналған (Astonish Specialist Stainless Steel & Shine). Құрал майды, саусақ іздерін және су ағындарын тиімді түрде тазалайтындығынан беттерде дақ іздері қалмайды. Тот баспайтын болаттан жасалған бұйымдар мен беттер: тоңазытқыштарды, ас үй сорғыштарын, раковиналар мен крандарды тазалауға жарамды. Тұрмыстық және экономикалық қолдануға ыңғайлы.

Қолдану тәсілі: өңделетін бетке шашыратып, таза, құрғақ шүберекпен немесе ас үйге арнаған қағаз майлықпен сүртіңіз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: ыстық беттерге жағуға болмайды. Өнімді сүртуден бұрын оның кеуіп кетуіне жол бермеңіз. Табиғи таспен, мәрмәрмен немесе қышқылдардың әсеріне сезімтал беттермен жанасуынан аулақ болыңыз.

Құрамы: 96% су, 2,5% изопропил спирті; 1% метоксипропанол; 0,3% децил-октил глюкозид олигомер; 0,16% натрий глюкогептонаты. 

БАЛАЛАРДЫҢ ҚОЛЫ ЖЕТПЕЙТІН ЖЕРДЕ САҚТАҢЫЗ. Қолданар алдында міндетті түрде нұсқаулықты оқып шығыңыз. Дәрігердің кеңесі қажет болған жағдайда, өзіңізбен бірге өнім құйылған ыдысты немесе өнімнің жапсырмасын алыңыз. Спрейдің тыныс алу жолдарына түсуін болдырмаңыз. Дайындалған күні мен жарамдылық мерзімі қаптамада көрсетілген. 

Ұқсас өнімдер