product

ЖУЫНАТЫН БӨЛМЕ МЕН АС ҮЙГЕ АРНАЛҒАН АҒАРТҚЫШ ӘСЕРІ БАР КӨП МАҚСАТТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТАЗАРТҚЫШ

Артикул: 1945
Қораптағы мөлшер: 12 шт.
Көлемі: 750 мл.

Жуынатын бөлме мен ас үйге арналған ағартқыш әсері бар көп мақсатта қолданылатын тазартқыш (Astonish Multi-purpose Cleaner with Bleach) терең дақтарды кетіретін ағартқыш қосумен дайындалған. Өнім құрамы өңделетін беттердің гигиеналық тазалығын қамтамасыз етеді. Жуынатын бөлмеде және ас үйде қолдануға жарамды.

Қолдану тәсілі: өнімді өңделетін бетке шашыратып, әсер етуі үшін 1-2 минутқа қалдырыңыз. Қатты ластанулар үшін өнімді 2-3 минутқа қалдырыңыз. Содан кейін таза, дымқыл шүберекпен сүртіңіз. Пластмасса, резеңке және металл беттерге түскен жағдайда таза сумен шайыңыз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: құрамында хлор ағартқышы (натрий гипохлориті) бар. Басқа тазартқыш құралдармен араластыруға болмайды. Төгілген өнімді дереу сүртіңіз. Алюминий, боялған немесе лакталған беттерге қолдануды болдырмаңыз. Маталарға, ағашқа немесе қағазға қолданбаңыз, себебі бұл түс өзгеруіне әкелуі мүмкін. Өнімнің табиғи таспен немесе мәрмәрмен үйлесімділігін тексеріңіз.

Құрамы: 98,3% су; 0,6% натрий гипохлориті; 0,5% натрий лаурил этоксисульфаты; 0,25% амин оксиді; 0,23% натрий гидроксиді; 0,08% фосфонаттар; хош иіс. Сақтау шарттары: мұздатуды, ылғалды және 35 градустан жоғары температураны болдырмау керек.

БАЛАЛАРДЫҢ ҚОЛЫ ЖЕТПЕЙТІН ЖЕРДЕ САҚТАҢЫЗ. Қолданар алдында міндетті түрде нұсқаулықты оқып шығыңыз. Дәрігердің кеңесі қажет болған жағдайда, өзіңізбен бірге өнім құйылған ыдысты немесе өнімнің жапсырмасын алыңыз. Спрейдің тыныс алу мүшелеріне енуін болдырмаңыз. Дайындалған күні мен жарамдылық мерзімі қаптамада көрсетілген.

Ұқсас өнімдер