«Апельсин бағы» ӘМБЕБАП МУЛЬТИ ТАЗАРТҚЫШЫ
«Апельсин бағы» әмбебап мульти тазартқышы (ASTONISH SPECIALIST Orange Grove MULTI-SURFACE CLEANER). Табиғи апельсин майына негізінде жасалған тазартқыш май қалдықтары мен дақтарды жақсы кетіреді. Плитаны, микротолқынды пештерді және тұмша шкафтарды қоса алғанда, үйдің барлық беттері үшін қолдануға болады. Тазартқыш құралды беткейге жаққан соң апельсин хош иіс пен керемет жылтырлық береді.
Қолдану тәсілі: Беткейге шашыратып, таза, дымқыл сорғышпен немесе шүберекпен сүртіңіз.
Құрамы: 95% су, <5% иондық емес беттік белсенді заттар, фосфонаттар, консерванттар (бензизотиазолинон), хош иіс, лимонен. Сақтық шаралары: Су өткізгіш ағаш, су өткізгіш тас, маталар, жиһаз қаптамалары немесе қағаз тұсқағаздар сияқты жұмсақ немесе кеуекті беттерде қолданбаңыз. Өнімді су өткізбейтін ағашқа, бояуларға немесе сынғыш беттерге қолданар алдында үйлесімділікті кішігірім, байқалмайтын жерінде сынақтан өткізу керек.
ЕСКЕРТУ: Көздің қатты тітіркенуін тудырады. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.Қолданар алдында осы жапсырманы мұқият оқып шығыңыз. Көзді қорғау құралдарын қолданыңыз.
КӨЗГЕ ТҮСКЕН ЖАҒДАЙДА: бірнеше минут бойы сумен абайлап шайыңыз. Егер сіз контактілі линзаларды киіп жүрсеңіз, қиындық тудырмайтын болса, оларды алыңыз. Шаюды жалғастырыңыз. Егер көздің тітіркенуі сақталса, медициналық көмекке жүгініңіз. Дәрігердің кеңесі қажет болған жағдайда, өзіңізбен бірге өнім құйылған ыдысты немесе өнімнің жапсырмасын алыңыз. Өнімді қолданғаннан кейін қолыңызды мұқият жуыңыз. Дайындалған күні мен жарамдылық мерзімі қаптамада көрсетілген.