"ФУРИЯ" хош иістендірілген шамы
Фурия
ФУРИЯ (MC-203; түсі – сары)
Жоғарғы ноталар: жасыл жапырақтар, шығыс аккорды;
Жүрек ноталары: балқарағай ағашы, сандал ағашы, бальзамды аккордтар;
Негізгі ноталар: амбра, темекі жапырақтары.
Табиғи соя балауызынан жасалған Duo effect (2-де 1) үйге арналған талғампаз хош иісті шамдар. Жанған кезде екі хош иіс бірігіп, кеңістікті біртіндеп нәзік әрі жеңіл романтикалық иіспен толтырады, ал білтенің жағымды сықыры каминдегі отынның шыртылын еске салып, ерекше тыныштық пен жайлылық сезімін сыйлайды.
Үйге арналған шамның ықшам әрі заманауи дизайны кез келген интерьерге үйлесіп, оның әсем толықтыруына айналады.
Парафин шамы – мұнай өңдеу өнімі, құрамында көп мөлшерде зиянды заттар бар, жанған кезде олар ауаға таралады. Ал Medori брендінің соя балауызынан жасалған хош иісті шамдары – 100% табиғи, қауіпсіз және экологиялық таза өнім. Соя шамдары парафин шамдарына қарағанда 3,5 есе ұзақ жанады.
Қазіргі таңда хош иісті шамдар – интерьерге арналған дизайнерлік ароматизатор. Жиынтықта: парфюмделген шам, парфюмерлік маймен өңделген минералды шам қойғыш және табиғи ағаштан жасалған білте бар.